English Grammar. 20-сабақ: Өткен шақ (Past Simple Tense)

11

Ағылшын тілінде өткен шақтың  4 түрі бар:

  1. Past Simple;
  2. Past Continuous;
  3. Past Perfect;
  4. Past Perfect Continuous.

Бұл сабағымызда тек Past Simple Tense тақырыбын қарастыратын боламыз. Өткен шақта болған іс-әрекеттерді етістіктің өткен шақтағы түрімен сипаттаймыз. Өткен шақ етістіктерінің қарапайым түрі — Past Simple Tense. Past Simple Tense өткен шақта болған әрекетті нақты сипаттайды. Ол сипаттап тұрған уақыт осы шақтан бұрын болған, яғни, қазіргі уақытпен еш байланысы болмайды. Мысалы: We played — Біз ойнадық. She washed her car — Ол (қыз) машинасын жуды. I studied in Almaty — Мен Алматыда оқыдым. Әдетте, өткен шақта тұрған етістіктердің соңы -ed жалғауымен аяқталады. Бірақ бұл ережеге бағынбайтын етістіктер де жетерлік. Оларды жаттап алуларыңыз керек. Жоғарыдағы ережеге бағынбайтын етістіктердің тобын бұрыс етістіктер (Irregular Verbs) деп атайды. Бұрыс етістіктердің кейбірі төмендегі тізімде.

Regular form Irregular form Қазақша мағынасы
go went

бару

come came

келу

speak spoke

сөйлеу

drink drank

ішу

begin began

бастау

do did

істеу

eat ate

жеу

fall fell

құлау

feel felt

сезу

fly flew

ұшу

get got

алу

give gave

беру

make made

жасау

run ran

жүгіру

say said

деу, айту

see saw

көру

sell sold

сату

stand stood

тұру

swim

swam

суға шомылу, жүзу

take took

алу

tell told

айту

think thought

ойлану

throw threw

лақтыру

understand understood

түсіну

wear wore

киіну

win won

Жеңу, ұту

write wrote

жазу

Regular және Irregular түрде де бірдей жазылатын бұрыс етістіктер бар. Олар: cut — cut, read — read, hit — hit, shut — shut, beat — beat, cost — cost. Өткен шақтағы “to be” және “to have” етістіктерінің өткен шақтағы түрлері (кестелердің үстінен шертіп үлкейтуге болады).

Поделиться в соц. сетях

0

11 Comments

  1. salematsyz ba? magan present perfect tense,past continuous tense jane the future indefinite tense tauyp bere alasyzdarma? Aldyn ala rahmet!

  2. Маган агылшын тылындегы сурактын турлеры,ережесы керек! Тауып берыныздершы алдын ала рахмет! ! !

  3. Айткуль on

    Салеметсиз бе? Маган irregular verbsтин барлыгын аудармасымен тауып бере аласиздарма??рахмет

Leave A Reply