Türkçe konuşalım! (Selamlaşma, hal hatır sormak, vedalaşma)

12

Türkçe konuşalım! — Түрікше сөйлесейік!

Сәлемдесу, амандасу және қайырласу (қоштасу)

Түрік тіліндегі Selam сөзінің қазақшасы — сәлем. Ал Selamlaşma дегеніміз “Сәлемдесу” болады. Әдетте, адамдар тіл үйренгенде (сөйлеп үйренуге арналған сабақтарды бастағанда) сәлемдесу сөздерін үйренуден бастайды. “Сәлемдесу — сөз басы” деген мақал бекер айтылмаған.

Төменде түрік тілінде қолданылатын сәлемдесу, амандықсаулық сұрасу (hal hatır sormak) сөздері мен қоштасар кезде (vedalaşma қоштасу) қолданылатын сөз тіркестері келтірілген. Екінші бағанада қазақша аудармасы жызылған.

Türkçe Қазақша
Selamun aleyküm!

Ас сәләму әлейкум!

(U)aleyküm selam!

Уа алейкум сәләм!

Selam!

Сәлем!

Merhaba!*

Сәлем!

Günaydın!

Қайырлы таң!

İyi günler!

Қайырлы күн!

İyi akşamlar!

Қайырлы кеш!

İyi geceler!

Қайырлы түн!

Nasılsınız?

Қалыңыз қалай?, Қалайсыз?

Nasıl gidiyor?

Қалыңыз қалай? Жағдайыңыз қалай?

İyimisiniz?

Жақсысыз ба?

İyiyim, sağ olun.

Жақсымын, рақмет.

Hamdolsun

Шүкіршілік

Çok iyiyim, sağ olun

Керемет (өте жақсымын), рақмет.

İyilik, sağlık

Бақуат, аманшылық

Fena değil

Жаман емес

Şöyle, böyle Олайбылай, болады
Ne var, ne yok?

Не жаңалық?

Ne haber? Ne oldu?

Қандай хабар бар? Не болды?

Herşey yolunda mı?

Барлығы орнында ма (дұрыс па)?

Hoşça kalın Кездескенше

Güle güle

Сау болыңыз, кездескенше

Sonra görüşürüz

Кейінірек кездесеміз

Yakında görüşürüz

Жақын арада көрісеміз

Benden selam söyleyin!

Менен сәлем айтыңыз!

* Merhaba сөзіндегі h әрпі көп жағдайларда оқылмайды. Айтылуы «Мераба» болады.

.Түрік халқында сәлемдесудің түр-түрі бар. Мысалы, қолмен, сөзбен, баспен және көзбен сәлем беру. Үлкен, құрметті кісілерге сәлем бергенде жастар олардың қолын сүйеді. Жақын бауырлар немесе өте жақын достар (таныс адамдар) сәлемдескенде, көбіне, қол алысып, бастарын оң жақпен бір, сол жақпен бір соғыстырады.

Ұзақ арақашықтықтағы екі адам дауыстап сәлемдеседі. Егер дауыстап сәлем беру ыңғайсыз болса көзбен де сәлемдесе береді.

Түріктер мұсылман халқы болғандықтан ер адамдар бір-бірімен қол алысып, Selamun aleyküm деп айтады. Кей адамдар одан басқа да діни емес сәлемдесу сөздерін қолданады.

Поделиться в соц. сетях

0

12 Comments

  1. Айжурек on

    Түрікше осы сайттын көмегімен өз бетімен үйренип жүргендер өзара сөйлесетін форум ашуға болмай ма? Болмаса, агент не скайп арқылы өзіміз араласайық, достар!

      • @Gauhar, салем маган авторизасия жибериндерш турикше сойлесикю Актаудан

  2. Салем! Менде түрікше уйреніп жүредім, практика жасайтын адам керек, агент арқылы сөйлескісі келетіндерге менін логинім hafiz_7@mail.ru

  3. Я.сондай түрікше сөйлесетін сайт немесе форум немесе сообщества керек.Өзара тіл жетілдіруге

  4. Макпал on

    турик тилине кызыгушылыгы бар немесе маган уйретем деген адамдар агентке жазсын.Менин логиным maki_90sh@mail.ru

  5. Алтынгуль on

    сайттарыныз жаксы екен бiр куннiн iшiнде коп уйрендим рахмет енди мен 4тiл емес 5тiл билем рахмеееееееееееееееет

  6. Шұғыла on

    мен түрік тілін үйренгім келеді, алфавиттен бастауыма тура келеді кім маған көмектесе алады.
    wechat ID: 191929042
    QQ: 191909042
    e-mail: dawn_library@mail.ru
    facebook: dawn.nurlanbek
    cіздерден жауап күтемін! материалдарыңыз болса электронды түрін жіберіп беріңіздерші! рахмет!

  7. салем калай турикше тез уйренуге болады?маган комектесип жибериниздерши?

  8. Сания on

    Салем. Менде турік тілін тез уйренгім келеді. Маган кім комектеседі.

    • Менде түрікше білмеймін бірақ бір бірімізбен сөйлесіп үйренейік .қалай қарайсын

Leave A Reply