Көпше түрдегі зат есімдердің жасалуы (Множественное число)

5

Орыс тілінде зат есімдердің көпше түрлері көптеген жолдармен жасалады. Солардың негізгілеріне тоқталайық.

1. Мужской род пен женский родтағы сөздердің (зат есімдердің) түбіріндегі соңғы дыбысы жуан болса, онда оған -ы жалғауы жалғанады. Мысалы:
собор – соборы
текст – тексты
буква – буквы
школа – школы

2. Мужской род пен женский родтағы сөздердің (зат есімдердің) түбіріндегі соңғы дыбысы жіңішке болса, онда оған -и жалғауы жалғанады. Мысалы:
словарь – словари
музей – музеи
неделя – недели
дверь – двери

3. Мужской род пен женский родтағы сөздердің (зат есімдердің) түбіріндегі соңғы дыбысы -г, -к, -х әріптері болса, онда -и әрпі жалғанады. Мысалы:
книга – книги
учебник – учебники
пастух – пастухи

4. Мужской род пен женский родтағы сөздердің (зат есімдердің) түбіріндегі соңғы дыбысы -ш, -щ, -ч әріптері болса, онда әрпі жалғанады. Мысалы:
карандаш – карандаши
врач – врачи
плащ – плащи

5. Мужской родқа жататын кейбір сөздердің соңына (түбіріне) немесе әріптері жалғану арқылы зат есімнің көпше түрі жасалады. Мысалы:
город – города
дом – дома
адрес – адреса
учитель – учителя

6. Мужской родқа жататын сөздердің кейбірі негізгі түбірін өзгерту арқылы көпше түрдегі зат есімге айналады. Мысалы:
гражданѝн – грáждане
господѝн – господá
россиянин – россияне

7. Мужской родқа жататын сөздердің кейбірінің негізгі түбіріндегі немесе әріптері түсіп қалып, түбіріне -ы әрпі жалғану арқылы көпше түрдегі зат есімді жасайды. Мысалы:
ковёр – ковры
рот – рты
вéтер – вéтры

8. Средний родтағы создердің түбірі жуан дыбысқа аяқталса: әрпі; егер жіңішке дыбысқа аяқталса: әрпі жалғанады. Мысалы:
мéсто – местá
окнó – óкна
мóре – моря
здáние – здáния

9. Кейбір зат есімдер -ья қосымшасы арқылы көпше түрдегі зат есімге айналады. Мысалы:
друг – друзья
брат – брáтья
муж – мужья
дéрево – дерéвья

Поделиться в соц. сетях

0

5 Comments

  1. Айғаным on

    собор – соборы
    текст – тексты деп мысалга алынган орыс создеринин жанына казакшасын да жазыныздаршы мен ойткени орысша тусинбеймин оралманмын.

  2. текст сөзінде кайсысы жуан тусіне алмадым тусиндирип жіберіңізші

  3. салем!жалпы неше сабак карастырылган жане оны калай ретимен окуга болады айтып жибериниздерши

Leave A Reply