Ағылшынша 200 видео сабақ

"Ағылшынша 200 видео сабақ" курсы. Алғашқы екі деңгей (А1, А2+).

Бұл курс ағылшын тілінің бастапқы екі деңгейін үйрететін 200 видео сабақтан тұрады. Әр сабақтың ұзақтығы – 15-20 минут. Курс 10 айға созылады. Әр айда 20 сабақтан болады. 15-40 жас аралығындағы адамдарға арналған. 10 желтоқсанда басталады. Оған дейін жазылу жүреді.

Европалық стандарт бойынша, ағылшын тілінде алты деңгей бар.  Бастауыш (Beginner) деңгейін А1 деп, екінші (Elementary) деңгейді А2 деп белгілейді.  Бастауыш деңгейін тілді ең басынан бастап үйренгісі келетіндер үшін ең тиімді деңгей деуге болады. Себебі әріптердің оқылуынан бастап, әрбір тақырыпты асықпай түсінуге мүмкіндік береді. Бастауыш деңгейдегі тақырыптар кейінгі деңгейлерде де қайталанады. Бірақ ол кезде күрделене түседі. Егер бастауыш деңгейді дұрыс меңгерсеңіз, ары қарайғы деңгейлер жеңіл болады. Курс барысында В1 деңгейінің кейбір тақырыптары да қамтылатын болады. Сондықтан екінші деңгейді А2+ деп атап отырмыз. Егер басқаша стандарттармен айтар болсақ, Beginnner, Elementary деңгейлері толықтай, ал Pre-Intermediate деңгейінің кей тақырыптары ғана қамтылатын болады.

Қалай болады?
Жаңа видео сабақтарды сайтымызға саламыз. Кейбір тегін сабақтарды немесе үзінділерін ғана танысу мақсатында Youtube-ке саламыз. Сайтқа салынған ақылы видеоларды курсқа жазылған адамдар ғана көре алады. Олар сайтқа арнайы логин және парольмен кіреді. Сол кезде жай адамдарға көрінбейтін видео сабақтар көрінеді. Логин мен парольді курсқа жазылған соң аласыз. Видеоларды қалаған кезде, қалаған жерде қалағаныңызша көре аласыз.

Видео сабақтарда ағылшын тілінің грамматикасы, сөздік қоры, практикалық әңгімелер мен жаттығулар болады. Видеодағы жаттығулардан бөлек, қосымша материалдар мен арнайы практикалық тапсырмалар беріледі. Осы арқылы өзіңіздің тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу секілді практикалық қабілеттеріңізді дамыта аласыз. Сабақ тақырыптарына қатысты сұрақтар қою және жоғарыда аталған жаттығу жұмыстары мен практикалық тапсырмалар What'sApp қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Курсқа жазылу
200 сабақтық курсқа  жазылу бағалары мынадай:

1 айға жазылу — 20 мың тг. (25 000 тг.)

3 айға жазылу — 55 мың тг. (75 000 тг.)

5 айға жазылу — 90 мың тг. (125 000 тг.)

10 айға жазылу — 180 мың тг. (250 000 тг.)

Тек қана видео сабаққа жазылу бағалары:

2 айға жазылу — 18 мың тг.

5 айға жазылу — 35 мың тг.

Курс ақысын QIWI терминал, KASPI терминал арқылы төлеуге болады.

Курсқа қатысты сұрақтар болса, хабарласыңыздар: +7 700 120 10 20 (WhatsApp, Telegram)

Курс сабақтарынан үзінді

View this post on Instagram

Бір минутта ағылшын тіліндегі түс атауларын үйреніңіз! "Ағылшынша 100 видео сабақ" курсынан үзінді. Түс дегенді colour/color дейміз ("калэ" боп оқылады). Көпше түрде colours/colors болады. Colour нұсқасы британдық ағылшыншада қолданылса, color нұсқасы америкалық ағылшыншада қолданылады. Бірақ екі сөздің оқылуы да, мағынасы да бірдей. black — қара white — ақ blue — көк green — жасыл dark green — қою жасыл red — қызыл yellow — сары grey/gray — сұр orange — сарғылт brown — қоңыр purple — күлгін pink — қызғылт #ағылшынтілі #инстаағылшын #tilderkz #english #colors #colours #green #blue #red #purple #orange #black #white #yellow #brown #түстер

A post shared by Ағылшынша видео сабақтар (@tilderkz) on

View this post on Instagram

Ағылшын тіліндегі ең қызық әріптердің бірі -- С әрпі. Кейде /s/ боп, кейде /k/ боп оқылады. H әрпімен бірге мүлдем басқа дыбыстарды береді. Мысалы "ch" тіркесі Ч, К, Ш сияқты үш түрлі дыбысты береді. Егер ағылшын тіліндегі әріптердің оқылуын үйренгіңіз келсе, "Ағылшынша 100 видео сабақ" курсына жазылыңыз. Толық ақпаратты tilder.kz сайтынан табасыз. #english #tilderkz #ағылшынтілі #agylshyn #білім

A post shared by Ағылшынша видео сабақтар (@tilderkz) on

View this post on Instagram

Ағылшын тілінде 26 әріп бар. Оның бесеуі -- дауысты, қалған жиырма бірі -- дауыссыз. Дауыссыздар қатарындағы Y әрпі кейде дауысты, кейде дауыссыз болады. Сондықтан кей деректерде дауысты әріптер саны алтау деп көрсетіледі. Алфавиттегі әріптерді жатқа білгеніңізбен, сөздерді дұрыс оқи алмайсыз. Себебі ағылшын тілі қазақ тілі секілді жазылуы бойынша оқылмайды. 26 әріптен шығатын 44 дыбыс бар. Әріптер саны дыбыстар санынан аз болғандықтан, кей әріптер әр жерде әртүрлі боп оқылады. Негізі, бұл аса қиын шаруа емес, егер әріптердің оқылуын білсеңіз. Егер ағылшын тіліндегі әріптердің дұрыс оқылу ережелерін үйренгіңіз келсе, біздің "Ағылшынша 100 видео сабақ" курсына жазылыңыз. #білім #шеттілі #ағылшын #ағылшынтілі #tilderkz #english #learnenglish #abc #alphabet #letters

A post shared by Ағылшынша видео сабақтар (@tilderkz) on

View this post on Instagram

tilder.kz сайты ұсынған «Ағылшынша 100 видео сабақ» курсынан үзінді Сәлемдесудің мына түрлері тәуліктің бөліктеріне байланысты айтылады: Good #morning – Қайырлы таң / Good afternoon – Қайырлы күн / Good evening – Қайырлы кеш. Good, afternoon сөздерінде қатар келген О әріптері бірігіп /u:/ боп оқылат: Good, afternoon. Осы үш тіркесті маған ілесіп қайталаңыз, содан соң үшеуі не де жеке жеке түсінік берем: Good morning, Good afternoon, Good evening. Жарайсыз! #Good morning тіркесінің мағынасы қайырлы таң: good дегеніміздің аудармасы жақсы, қайырлы; morning сөзінің аудармасы – таң, азан. Бұл түсінікті болар. Good afternoon тіркесінің сөзбе сөз аудармасы қайырлы күндіз болады. Қазақша баламасы – Қайырлы күн. Good evening тіркесінің мағынасы -- қайырлы кеш. Мұндағы evening сөзінің аудармасы – кеш. Курс туралы ақпаратты tilder.kz сайтынан табасыз. #english #greeting #learnenglish #tilderkz #evening #ағылшынтілі #ағылшынша

A post shared by Ағылшынша видео сабақтар (@tilderkz) on

View this post on Instagram

Жай ғана жазуы бар сурет салып, тіл үйрете алмайсың. Сондықтан сіздерге 1минуттық видеолар арқылы аз сөз болса да үйретейік деп шештік. Сапалы дыбыс, сапалы жазулар. "Ағылшынша 100 видео сабақ" курсынан үзінді #Ағылшын тілінде сәлемдесуге арналған сөздер көп. Әзірше, әлем бойынша кең тараған сөздерді, яғни ағылшынша білетін кез келген адам түсінетін сәлемдесу сөздерін үйренесіз. Сонымен, сәлемдесудің ең көп тараған түрлері мынадай: Hello, Hi. Hello, Hi. Hello дегеннің қазақшасы сәлеметсізбе/сәлем. Hello – сәлемдесудің сыпайы түрі. Жасы үлкенге де, кішіге де, сондай-ақ бейтаныс адамдарға Hello деп сәлем береміз: Hello! Hi дегеннің қазақшасы – сәлем. Жасы кішілер мен өзімізбен құрдас адамдарға, басқаша айтсам «Сен» деп сөйлейтін адамдарға Hi деп сәлем береміз: Hi! Кез келген адамға Hello деп сәлемдесудің еш айыбы жоқ. Өйткені жасы үлгенге де, кішіге де Hello! деуге болат. Бұл екі сөзді бір рет оқим, сіз маған ілесіп қайталаңыз: Hello! Hi! Керемет! Hello сөзінде екі L әрпі қатар тұр. Екеуі бірігіп бір ғана /l/ дыбысын береді. Тағы бір ескеретін жайт мынадай: Екі сөздің де құрамында мынадай әріп бар: «Эйтч» әрпі дейміз. Ол жұмсақ боп оқылат: Hello, Hi. Бұл әріпті айтқанда тамағымызды қырылдатуға болмайды. /h/ дыбысын айтқанда тамақта ешқандай діріл, қырыл болмау керек, жеңіл шығу керек: #Hello, #Hi.  #greeting #english #agylshyn #сәлемдесу #ағылшынтілі #ағылшынша #tilderkz @tilderkz

A post shared by Ағылшынша видео сабақтар (@tilderkz) on