"Ағылшынша 200 видео сабақ" курсының сабақтарынан үзінді

View this post on Instagram

Бір минутта ағылшын тіліндегі түс атауларын үйреніңіз! "Ағылшынша 100 видео сабақ" курсынан үзінді. Түс дегенді colour/color дейміз ("калэ" боп оқылады). Көпше түрде colours/colors болады. Colour нұсқасы британдық ағылшыншада қолданылса, color нұсқасы америкалық ағылшыншада қолданылады. Бірақ екі сөздің оқылуы да, мағынасы да бірдей. black — қара white — ақ blue — көк green — жасыл dark green — қою жасыл red — қызыл yellow — сары grey/gray — сұр orange — сарғылт brown — қоңыр purple — күлгін pink — қызғылт #ағылшынтілі #инстаағылшын #tilderkz #english #colors #colours #green #blue #red #purple #orange #black #white #yellow #brown #түстер

A post shared by Ағылшынша видео сабақтар (@tilderkz) on

View this post on Instagram

Ағылшын тіліндегі ең қызық әріптердің бірі -- С әрпі. Кейде /s/ боп, кейде /k/ боп оқылады. H әрпімен бірге мүлдем басқа дыбыстарды береді. Мысалы "ch" тіркесі Ч, К, Ш сияқты үш түрлі дыбысты береді. Егер ағылшын тіліндегі әріптердің оқылуын үйренгіңіз келсе, "Ағылшынша 100 видео сабақ" курсына жазылыңыз. Толық ақпаратты tilder.kz сайтынан табасыз. #english #tilderkz #ағылшынтілі #agylshyn #білім

A post shared by Ағылшынша видео сабақтар (@tilderkz) on

View this post on Instagram

Ағылшын тілінде 26 әріп бар. Оның бесеуі -- дауысты, қалған жиырма бірі -- дауыссыз. Дауыссыздар қатарындағы Y әрпі кейде дауысты, кейде дауыссыз болады. Сондықтан кей деректерде дауысты әріптер саны алтау деп көрсетіледі. Алфавиттегі әріптерді жатқа білгеніңізбен, сөздерді дұрыс оқи алмайсыз. Себебі ағылшын тілі қазақ тілі секілді жазылуы бойынша оқылмайды. 26 әріптен шығатын 44 дыбыс бар. Әріптер саны дыбыстар санынан аз болғандықтан, кей әріптер әр жерде әртүрлі боп оқылады. Негізі, бұл аса қиын шаруа емес, егер әріптердің оқылуын білсеңіз. Егер ағылшын тіліндегі әріптердің дұрыс оқылу ережелерін үйренгіңіз келсе, біздің "Ағылшынша 100 видео сабақ" курсына жазылыңыз. #білім #шеттілі #ағылшын #ағылшынтілі #tilderkz #english #learnenglish #abc #alphabet #letters

A post shared by Ағылшынша видео сабақтар (@tilderkz) on

View this post on Instagram

tilder.kz сайты ұсынған «Ағылшынша 100 видео сабақ» курсынан үзінді Сәлемдесудің мына түрлері тәуліктің бөліктеріне байланысты айтылады: Good #morning – Қайырлы таң / Good afternoon – Қайырлы күн / Good evening – Қайырлы кеш. Good, afternoon сөздерінде қатар келген О әріптері бірігіп /u:/ боп оқылат: Good, afternoon. Осы үш тіркесті маған ілесіп қайталаңыз, содан соң үшеуі не де жеке жеке түсінік берем: Good morning, Good afternoon, Good evening. Жарайсыз! #Good morning тіркесінің мағынасы қайырлы таң: good дегеніміздің аудармасы жақсы, қайырлы; morning сөзінің аудармасы – таң, азан. Бұл түсінікті болар. Good afternoon тіркесінің сөзбе сөз аудармасы қайырлы күндіз болады. Қазақша баламасы – Қайырлы күн. Good evening тіркесінің мағынасы -- қайырлы кеш. Мұндағы evening сөзінің аудармасы – кеш. Курс туралы ақпаратты tilder.kz сайтынан табасыз. #english #greeting #learnenglish #tilderkz #evening #ағылшынтілі #ағылшынша

A post shared by Ағылшынша видео сабақтар (@tilderkz) on

View this post on Instagram

Жай ғана жазуы бар сурет салып, тіл үйрете алмайсың. Сондықтан сіздерге 1минуттық видеолар арқылы аз сөз болса да үйретейік деп шештік. Сапалы дыбыс, сапалы жазулар. "Ағылшынша 100 видео сабақ" курсынан үзінді #Ағылшын тілінде сәлемдесуге арналған сөздер көп. Әзірше, әлем бойынша кең тараған сөздерді, яғни ағылшынша білетін кез келген адам түсінетін сәлемдесу сөздерін үйренесіз. Сонымен, сәлемдесудің ең көп тараған түрлері мынадай: Hello, Hi. Hello, Hi. Hello дегеннің қазақшасы сәлеметсізбе/сәлем. Hello – сәлемдесудің сыпайы түрі. Жасы үлкенге де, кішіге де, сондай-ақ бейтаныс адамдарға Hello деп сәлем береміз: Hello! Hi дегеннің қазақшасы – сәлем. Жасы кішілер мен өзімізбен құрдас адамдарға, басқаша айтсам «Сен» деп сөйлейтін адамдарға Hi деп сәлем береміз: Hi! Кез келген адамға Hello деп сәлемдесудің еш айыбы жоқ. Өйткені жасы үлгенге де, кішіге де Hello! деуге болат. Бұл екі сөзді бір рет оқим, сіз маған ілесіп қайталаңыз: Hello! Hi! Керемет! Hello сөзінде екі L әрпі қатар тұр. Екеуі бірігіп бір ғана /l/ дыбысын береді. Тағы бір ескеретін жайт мынадай: Екі сөздің де құрамында мынадай әріп бар: «Эйтч» әрпі дейміз. Ол жұмсақ боп оқылат: Hello, Hi. Бұл әріпті айтқанда тамағымызды қырылдатуға болмайды. /h/ дыбысын айтқанда тамақта ешқандай діріл, қырыл болмау керек, жеңіл шығу керек: #Hello, #Hi.  #greeting #english #agylshyn #сәлемдесу #ағылшынтілі #ағылшынша #tilderkz @tilderkz

A post shared by Ағылшынша видео сабақтар (@tilderkz) on